• Ср. Май 15th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Жамбыл облысында Азаматтық қорғаныс бойынша санатталған объект өкілдерімен дөңгелек үстел өткізілді

Автор:REVIZORRO

Авг 25, 2018

Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәжіліс залында азаматтық қорғаныс бойынша санатталған объектілердің қызметтерімен «Дөңгелек үстел» өткізілді.

«Дөңгелек үстел» тақырыбына Азаматтық қорғаныс іс-шараларын орындау және азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру сұрақтары енгізілді.

Жиналысты кіріспе сөзбен Азаматтық қорғаныс басқармасы бастығының орынбасары майор Р. Шариев ашты, өзінің баяндамасында қатысушыларды азаматтық қорғаудың мемлекеттік кіші жүйесінің дамуына қосқан үлестері үшін рахмет айтты және өткізіліп жатқан іс-шаралардың маңыздылығын атап өтті.

Азаматтық қорғаныс басқармасы бастығының орынбасары майор Р. Шариев баяндамасында ұйымдардың азаматтық қорғаныс саласындағы құқықтары мен міндеттеріне, азаматтық қорғаныс іс-шараларының орындалуына, азаматтық қорғаныс мүліктерінің уақтылы жаңартылуына аударылды. Азаматтық қорғаныстың қорғаныс құрылыстарының бүгінгі күнгі дайындық жағдайлары бойынша орын алып отырған мәселелер көтерілді.

Жиында сонымен қатар Азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері подполковник Ж. Сәдірмеков азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылаудың жаңа үрдістері бойынша түсініктеме берді. Ақпараттық-түніктеме жұмыстарымен «IPM GROUP» ЖШС бас директоры Д. Шестаков сөз сөйледі. Қазақстандық компания «IPM GROUP» ЖШС тыныс алу органдарын қорғайтын қорғайтын және ұжымдық қорғаныс құралдарын тұтынушыларға жеткізу саласында қызмет атқарады.

Күн тәртібіндегі қарастырылатын сұрақтарды талдауда Жамбыл облысы бойынша энегетика саласының объектілерінің өкілдері: «ЖЭО» АҚ, «ГРЭС» ЖШС және басқа да объектілердің өкілдері жалпы қарастырылған сұрақтардың маңыздылығымен келісетіндіктерін айтты.

Дөңгелек үстелді қорытындылауда қарастырылған сұрақтарды ескере отырып қатысушы өкілдердің белсенділігін белгілей кету керек. АҚ бойынша санаттандырылған объектілерге АҚ объектілерінің дайындық деңгейін көтеру бойынша және ағымдағы жыл бойынша уәкілетті органның ведомстволық бағынышты аумақтық бөліміне есеп беру қажеттілігі жеткізілді. Іс-шараларды аяқтау барысында қатысушыларды қызықтыратын сұрақтарына мазмұнды жауаптар қайтарылды.

Жамбыл облысы ТЖД

Азаматтық қорғаныс асқармасының

аға офицері подполковник Ж. Сәдірмеков

«REVIZORRO»

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?